ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ САЯСАТЫ

24.09.2020

1. Бұл саясат нені реттейді

1.1. Осы Құпиялылық және деректерді өңдеу саясаты (бұдан әрі – Саясат) барлық ақпараттарға, сонымен қатар қолданыстағы заңнаманы түсінудегі жеке деректерге (бұдан әрі – «Жеке ақпарат») қолданылады. «Илевн» жауапкершілігі шектеулі қоғамы және/немесе оның аффилиирленген тұлғалары, соның ішінде «Илевн» жауапкершілігі шектеулі қоғамымен бір топқа жататындар (бұдан әрі – Eleven), Eleven сауда маркасымен белгіленген (бұдан әрі – «Eleven сервис») электр самокаттарын жалға алу қызметіне қол жеткізу үшін Eleven-ке тиесілі кез-келген веб-сайтты және/немесе Eleven мобильді қосымшасын пайдалану, сондай-ақ Eleven/оның аффилиирленген тұлғалары аталған қызметке қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін жасалған кез келген келісімдер мен келісімдерді орындау барысында барлық және жеке ақпараттарды алуы мүмкін.

1.2. Саясат жеке тұлғалардың, Eleven қызметінің Пайдаланушы келісімінің (Пайдаланушы келісімі) түсінігі бойынша Пайдаланушылар, Жалдау шарты (жалдау шарты) мағынасында жалға алушылар болып табылатын, бұдан әрі, Саясат мәтінінде барлығы бірге Пайдаланушылар деп аталатын, жеке ақпараттарын өңдеу және қорғау, жинау тәртібін анықтайды.

1.3. Мәліметтерді жинауға және өңдеуге қатысты Саясат пен Пайдаланушы келісімінің немесе Саясат пен Жалдау шартының шарттары арасында қарама-қайшылықтар болған жағдайда, Саясат шарттары қолданылады.

1.4. Терминдер мен анықтамалар Саясатта тікелей көзделген және/немесе енгізілген жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушы келісімінде және/немесе жалдау шартында көрсетілген мағынасында қолданылады.

2. Жеке деректерді жинау мен өңдеудің мақсаты қандай

2.1. Eleven пайдаланушылардың жеке ақпараттарын белгілі бір мақсаттар үшін және тек қана осындай мақсаттарға қол жеткізу үшін керек Жеке ақпараттары өңдейді. Eleven жеке ақпараттарды келесі мақсаттар үшін өңдейді:

2.1.1. Пайдаланушының тіркеу жазбасын тіркеу, сонымен қатар Пайдаланушыға өзі жасаған тіркеу жазбаға қол жеткізуді қамтамасыз ету;

2.1.2. Eleven қызметтерді көрсету және пайдаланушының алдындағы басқа да шарттық міндеттемелерді орындау;

2.1.3. Пайдаланушыларға клиенттік қолдау көрсету, соның ішінде Пайдаланушыға Eleven қызметтің жұмысына қатысты хабарламалар, сұраулар мен ақпараттар жіберу, Пайдаланушымен келісімдерді орындау және Пайдаланушының сұраныстары мен өтініштерін өңдеу;

2.1.4. Eleven қызметтіне аналитика және жетілдіру;

2.1.5. Пайдаланушыны ағымдағы акциялар, жеңілдіктер және басқа жарнамалық-маркетингтік шаралар туралы хабардар ету;

2.1.6. Eleven заңды мүдделерін қорғау, соның ішінде Eleven мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарыздарды немесе келтірілген зиянды өндіріп алу, Eleven мүлкіне зиян келтірген немесе заңды бұзған тұлғаны анықтау;

2.1.7. заңнамада белгіленген міндеттемелерді орындау, оның ішінде заңнамада көзделген жағдайларда уәкілетті органдардың сұранысы бойынша мәліметтер беру;

2.1.8. Пайдаланушы берген жеке жауапкершіліксіз ақпарат негізінде статистикалық және басқа зерттеулер жүргізу.

3. Eleven Сіз туралы қандай жеке ақпарат жинайды

3.1. Пайдаланушы келісімінде және/немесе жалдау шартында көзделген жағдайларды қоспағанда, Eleven пайдаланушы берген жеке ақпаратты тексермейді және оның сенімділігіне, сондай-ақ пайдаланушының жеке ақпаратты ұсынуға жеткілікті құқықтық қабілетінің бар-жоғын тексере алмайды. Осыған қарамастан, Eleven Пайдаланушы сенімді және жеткілікті дербес ақпаратты ұсынады, сонымен қатар оны уақытында жаңартады деп санайды.

3.2. Қосымша және/немесе сайтта тіркелу кезінде, қосымшаны және/немесе сайтты пайдалану кезінде, сондай-ақ «Eleven» сауда маркасымен белгіленген электрсамокаттарын (самокаттар) пайдалану кезінде, Eleven өз бетінше Пайдаланушы берген Пайдаланушы туралы келесі Жеке ақпараттарды жинай алады, өңдейді және сақтайды, Eleven өз еркімен немесе автоматты түрде жинайды:

3.2.1. тіркелу кезінде (тіркеу жазбасын жасау кезінде) Пайдаланушы берген жеке деректер, мысалы, тегі мен аты, ұялы телефонның нөмірі, электрондық пошта мекен-жайы, жасы;

3.2.2. пайдаланушының төлем деректемелері туралы ақпарат, оның ішінде үшінші тұлғалардың төлем жүйелері арқылы жүзеге асырылған төлем фактісі туралы мәліметтермен, бірақ онымен шектелмеген;

3.2.3. Пайдаланушының және/немесе сайттың қосымшасының элементтері мен функциялары кіретін IP мекенжайы, cookies файлдары және басқа да қадағалау технологиялары, жалпы пайдалану схемалары, белгілі бір функциялармен өзара әрекеттесу және Eleven сервисін пайдалану кезінде пайдаланушының белсенгділігі туралы басқа ақпарат. Осы ақпараттарды жинау үшін, Eleven Пайдаланушының электрондық құрылғысына cookie файлдарын жібере алады;

3.2.4. Пайдаланушы Eleven сервисіне кіру үшін пайдаланатын электрондық құрылғы (планшет, ұялы телефон, смартфон және басқалары) туралы ақпарат, оның ішінде құрылғының моделі, амалдық жүйесі және нұсқасы, құрылғының бірегей идентификаторлары және мобильді желі туралы ақпарат;

3.2.5. геолокация (навигациялық деректер), уақыт белдеуі туралы ақпарат; Eleven сервисін пайдалану күні мен уақыты;

3.2.6. Eleven сервисін пайдалану кезінде, сондай-ақ жалдау шартын және/немесе пайдаланушы келісімін жасау және орындау процесінде пайдаланушы мен Eleven арасындағы ақпараттық трафик шеңберінде берілетін ақпарат;

3.2.7. Eleven сервисті пайдалануға байланысты жазылған фотосуреттердегі немесе бейнелердегі пайдаланушының бейнесі.

4. Жеке ақпаратты өңдеуге келісім беру

4.1. Пайдаланушы Eleven-ге жинауға, жазуға, жүйеге келтіруге, жинақтауға, сақтауға, пайдалануға, іздеуге, беруге, оның ішінде трансшекаралық тасымалдауға, сондай-ақ автоматтандырылған мәліметтер базасын басқару жүйелерін, басқа да компьютерлік жабдықтар қолдана отырып, жеке ақпаратпен жүзеге асырылатын кез-келген басқа заңды әрекеттерге толық және сөзсіз келісім береді (бұдан әрі – Жеке ақпаратты өңдеу).

4.2. Пайдаланушы кез-келген веб-сайттарда, әлеуметтік желілерде, жарнамалық немесе басқа коммерциялық мақсаттарда пайдалану үшін Eleven прокаттау қызметін пайдалануға байланысты жазылған фотосуреттерде немесе бейнелерде Пайдаланушының бейнесін қолдануға келіседі.

4.3. Пайдаланушы Eleven-тен жарнамалық хабарламалар алуға келіседі. Осындай келісім беру арқылы Пайдаланушы Eleven-ге әртүрлі байланыс құралдарын қолдана отырып, тікелей байланыстарды (жеңілдіктер, жарнамалық акциялар, жаңа ұсыныстар туралы хабарлама және жарнамалық хабарламалар) жіберу арқылы онымен байланысуға рұқсат береді, сонымен қатар олармен шектелмей: пошталық тізім, электрондық пошта, телефон, интернет және т.б. Мұндай жіберілімдердің жиілігін Eleven өз қалауы бойынша бір жақты анықтайды. Пайдаланушыға теңгерім, сапар тарихы және т.б. туралы ақпарат беретін қызметтік хабарламалар тек ақпараттық мақсаттарға арналған және жарнамалық хабарламалар болып табылмайды.

4.4. Пайдаланушы, егер саясатта көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу қажет болса, оның ішінде Eleven пайдаланушы алдындағы келісімшарттық міндеттемелерін орындауы қажет болса, пайдаланушының жеке ақпараты Eleven келісім негізінде пайдаланушының жеке деректерін өңдеуді сеніп тапсыра алатын үшінші тұлғаларға берілуі мүмкін деп келіседі, үшінші тұлғалардың дербес деректердің құпиялылығын және оларды өңдеу кезінде жеке ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып келісім береді.

4.5. Пайдаланушы жеке ақпаратты өңдеуді, жарнамалық және ақпараттық хабарламаларды қабылдауды қоса алғанда, электронды түрде берілген келісім – бұл жеке мәліметтер туралы қолданыстағы заңнама талаптарына, оның ішінде келісім алудың қолданылатын формасына қатысты толығымен жауап беретін келісім болып табылады деп келіседі ( мысалы, жазбаша келісім болып саналады және т.б.) және Eleven-тің оны алғандығын растауға мүмкіндік береді.

5. Жеке ақпаратты жинау, өңдеу және қорғау

5.1. Жеке ақпаратты жинау Пайдаланушы Eleven меншігіндегі қосымша және/немесе веб-сайтта, кейіннен жеке ақпаратты пайдаланушының ұсынуы немесе өзгертуі мүмкіндігімен, тіркелу кезінде (тіркеу жазбасын жасау кезінде) жүзеге асырылады.

5.2. Көп жағдайда, жеке ақпаратты кез-келген Eleven қызметкері қол жеткізбей автоматты түрде өңделеді. Егер мұндай қол жетімділік қажет болса, оны тек тапсырмаларын орындау үшін қажет болатын Eleven қызметкеріне беріледі. Деректердің құпиялығын қорғау және сақтау үшін барлық қызметкерлер дербес ақпаратты өңдеуге қатысты ішкі ереже мен рәсімдерді сақтауы керек. Олар жеке ақпаратты қорғау үшін барлық техникалық және ұйымдастырушылық қауіпсіздік шараларын сақтауы керек.

5.3. Eleven сонымен қатар жеке ақпараттарды өзінің аффилиирленген тұлғаларына бере алады, қоса алғанда Eleven тиесілі топтағы басқа компанияларғада. Кейбір елдердегі жеке ақпаратты қорғау деңгейі Пайдаланушының юрисдикциясында белгіленген деңгеймен сәйкес келмеуі мүмкін және Eleven қызметтің пайдалану арқылы Пайдаланушы осылай берілуіне келіседі. Барлық жағдайда, жеке ақпарат тек саясатта көрсетілген мақсаттарда өңделеді.

5.4. Саясаттың мақсаттарына жету және Eleven қызметінің жұмысын қамтамасыз ету үшін, Eleven жеке ақпараттарды Eleven тобына кірмейтін үшінші тұлғаларға бере алады. Кейбір елдердегі жеке ақпаратты қорғау деңгейі Пайдаланушының юрисдикциясында белгіленген деңгеймен сәйкес келмеуі мүмкін және Eleven қызметтің пайдалану арқылы Пайдаланушы осылай берілуіне келіседі. Барлық жағдайда, жеке ақпарат тек саясатта көрсетілген мақсаттарда өңделеді.

5.5. Бұндай үшінші тұлғаларға жататындар:

5.5.1. кез келген ұлттық және/немесе халықаралық реттеуші орган, құқық қорғау органы, басқа мемлекеттік орган немесе сот, оған қатысты Eleven сұраным бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақпарат ұсынуға міндетті;

5.5.2. үшінші тұлғалар, егер жеке ақпаратты беру Пайдаланушыға тиісті қызметті ұсыну үшін немесе Пайдаланушымен жасалған белгілі бір келісімнің немесе келісімшарттың Eleven орындау үшін қажет болса;

5.5.3. Пайдаланушы келісімшартты, жалдау шартын, саясатты бұзған немесе ондай бұзу қаупі туындаған жағдайда Eleven немесе үшінші тұлғаларға құқықтық қорғауды қамтамасыз ету мақсатында кез келген үшінші тарапқа.

5.6. Eleven жеке ақпаратты рұқсатсыз, кездейсоқ немесе заңсыз жойылудан, жоғалуынан, өзгертілуінен, мақсатсыз пайдаланылуынан, жария етілуінен немесе қол жетімділіктен, сондай-ақ өңдеудің басқа заңсыз түрлерінен қорғау бойынша техникалық және ұйымдастырушылық шараларын енгізген. Бұл қауіпсіздік шаралары техниканың деңгейі, оларды іске асырудың құны, жеке ақпаратты өңдеуге байланысты тәуекелдер ескеріле отырып жүзеге асырылады.

5.7. Пайдаланушы осылайша жеке ақпаратты қорғаудың жеткілікті деңгейін анықтауға Eleven-ге өзінің толық және сөзсіз келісімін береді, сондай-ақ оны сақтау жолдары мен орнын (аумағы).

5.8. Сонымен бірге, пайдаланушы Интернеттің жеке ақпаратты ондағы қауіп-қатерлерден абсолютті қорғауды қамтамасыз ете алмайтындығын түсінеді және келіседі. Пайдаланушы жеке ақпарат оларға өз тәуекелдері мен жауаптылығымен берілетіндігін мойындайды, ал үшінші тұлғалардың жеке ақпаратқа қатысты кез-келген заңсыз әрекеттері болған жағдайда, Пайдаланушы талаптардың тікелей осындай тараптарға қойылатындығына келіседі.

5.9. Eleven Интернет желісін, қосымшаны немесе сайтты заңсыз пайдалану нәтижесінде жеке ақпаратқа қол жеткізген үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін жауап бермейді, сондай-ақ Eleven арқылы қол жеткізбеген үшінші тұлғалардың жеке ақпаратты пайдалану салдарына.

6. Жеке ақпарат қай жерде сақталады және өңделеді

6.1. Жеке ақпарат Ресей Федерациясында және/немесе Eleven қызметі жұмыс істейтін басқа юрисдикцияларда сақталады.

Рессейлік пайдаланушылары үшін: Eleven Ресей Федерациясының аумағында орналасқан мәліметтер базасын қолдана отырып, Ресей Федерациясы азаматтарының жеке деректерін жазуды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңарту, өзгерту), шығаруды орындайды.

Қазақстан Республикасының пайдаланушылары үшін: Eleven Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке деректерін Қазақстан Республикасының аумағында сақтайды.

6.2. Eleven қызметін пайдалануды жеңілдету үшін жеке ақпаратты Eleven немесе Eleven қызметті ұсынатын оның филиалы өздерінің юрисдикцияларында жинайды және пайдаланады.

6.3. Егер Пайдаланушы жеке ақпаратты (бөлек ақпаратты) басқа юрисдикцияға беруге Пайдаланушының келісімі қажет аумақта орналасса, онда Eleven қызметті пайдалана отырып, Пайдаланушы Eleven ақпаратты басқа юрисдикцияларға, оның ішінде Ресей, беру немесе сақтау және/немесе өңдеуге өзінің айқын және бір мағыналы келісімін береді.

6.4. Eleven жеке ақпаратты жинау мақсатына жету немесе тиісті юрисдикцияның заңды талаптарын орындау үшін қажет болғанша сақтайды.

7. Пайдаланушының құқықтары

7.1. Егер қолданыстағы заңнамада көзделген болса, Пайдаланушы саясатқа сәйкес Eleven өңдеген өзінің жеке ақпаратына қол жеткізуге құқылы.

7.2. Егер Пайдаланушының пікірі бойынша, Eleven қолданушы туралы сақтайтын кез-келген ақпарат қате немесе толық болмаса, Пайдаланушы өзінің тіркеу жазбасына кіріп, жеке ақпаратты өзі түзете және/немесе жоя немесе Eleven жазбаша өтінішпен жүгіне алады.

7.3. Егер бұл қолданыстағы заңнамада көзделген болса, Пайдаланушының құқығы бар:

7.3.1. Пайдаланушының жеке ақпаратын немесе оның бір бөлігін жоюды талап ету;

7.3.2. өзінің жеке ақпаратын өңдеуге тіркеу кезінде берілген келісімін қайтарып алу. Сонымен бірге, Пайдаланушы жеке ақпаратты өңдеуге келісімін қайтарып алу автоматты түрде Eleven шарттық қатынастардың тоқтатылуын білдіреді, Пайдаланушының тіркеу жазбасы бұғатталады және бұғаттау Eleven қызметін пайдалану мүмкін еместігін білдіреді, сонымен қатар бұрынғы Пайдаланушы Eleven қызметтін қайтадан пайдаланғысы келсе, жеке ақпаратты өңдеуге қайта келісім беру қажет;

7.3.3. Eleven компаниясының жарнамалық хабарламаларын алуға берілген келісімін қайтарып алу;

7.3.4. Жеке ақпаратты өңдеу және/немесе өңдеуді тоқтату бойынша шектеулерді талап ету, сонымен қатар өңделген жеке ақпаратты жоюды;

7.3.5. егер қолданыстағы заңнамада көзделген болса, жеке ақпаратты өңдеуге қарсылық білдіру.

7.4. Көрсетілген талаптарды Eleven қолданыстағы заңнамаға сәйкес орындайды.

7.5. Қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда, пайдаланушыда жоғарыда көрсетілмеген басқа да құқықтар болуы мүмкін.

7.6. Пайдаланушы жоғарыда аталған құқықтарды өзінің тіркеу жазбасы арқылы, ал егер интерфейсте арнайы функция болмаса, тиісті юрисдикциядағы Eleven-ке тиісті жазбаша өтініш жіберу арқылы немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асыруға құқылы.

8. Қорытынды ережелер

8.1. Акцептеу арқылы Пайдаланушы Саясаттың барлық шарттарын қабылдайды. Пайдаланушы Саясат шарттарымен келіспеген жағдайда, қолданбаны немесе сайтты пайдалануды дереу тоқтауы керек.

8.2. Eleven кез-келген уақытта Пайдаланушыны алдын-ала немесе кейіннен ескертусіз Саясатқа өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқылы. Саясатқа енгізілген өзгертулер сайтта және/немесе өтінімде өзгерістер немесе жаңа редакцияланған нұсқалар жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді.

8.3. Пайдаланушы өз бетінше Саясаттағы өзгерістерді бақылайды және ағымдағы нұсқасымен танысады. Пайдаланушының сайтты немесе қосымшаны одан әрі қолдануы, сондай-ақ саясатқа өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілгеннен кейін Eleven қызметтін пайдалану Пайдаланушының осындай өзгерістермен және/немесе толықтырулармен қабылдауын және келісімін білдіреді.