Сұрақ-жауап
Ол қанша тұрады?
Eleven әртүрлі елде бар, әр жерде – өз бағасы. Оны сайттан немесе қосымшадан жалға алу шартынан табуға болады.
Қай жерде жүруге болады?
Тротуардың бойымен, вело- және вело-жаяу жүргіншілер жолымен, жолда жүру ережелерімен рұқсат етілген басқа жерлерде.
Бүкіл қала бойы жүруге болады, бірақ самокатты сары аймақ шегінде қалдыру керек (картаны қосымшадан қара).
Самокатты қай жерде қалдыруға болады?
№1 ереже – самокатты картада көрсетілген сары аймақтың шегінде тұраққа қою кереr. Оны қосымшадан көруге болады және қаланың көп бөлігін қамтиды.
Ең дұрысы қалалық велотұрақтарда тұраққа қою керек – самокат ешкімге кедергі болмайды, ал келесі пайдаланушы оны оңай таба алады. Басқа қоғамдық орындарда да болады, бастысы – самокат автомобильдердің жолдын бұғаттап,жүргіншілерге, көліктер мен коммуналдық қызметтерге кедергі келтірмесе болды.
Тұраққа қоюға қолайлы орындар:
- кеңсенің жанына
- сауда орталығының жанына
- саябақта
- велотұрақта
Қай жерге тұраққа қоюға болмайды?
- жекеменшік аймақта
- жабық тұрақтарға
- тар жолдарға және өткелдерге
- үйдің кіреберістеріне
- жерасты өткелдеріне
- көпір астына
P.S. Сапарыңызды қосымша арқылы аяқтау керектігін есте сақтаңыз, олай болмаған жағдайда самокат бұғатталып қалады және сізден ақы алу жалғаса береді.
Мен газды басамын, бірақ самокат жүрмейді. Себебі неде?
Сіз жеткілікті түрде итеріп жылжымағансыз. Самокатты бұғаттан шығарып, жақсылап аяқпен итеріп жылжыңыз – содан кейін ғана газды басыңыз.
Карта тіркелмей жатыр. Не себептен?
Көп жағдайларда – бұл 3-D Secure технологиясына байланысты. Картаны тіркеген кезде сіз өз банкіңіздің парақшасына бағытталасыз, ол жерден құпиясөзді енгізу керек (ол SMS арқылы келеді). Көпшілігі осы қадамда асығып, SMS хабарламсын күтпестен Submit (Жалғастыру) батырмасын басады.
Тағы да бір ықтимал себеп – сіздің картаңыз онлайн-төлемдерді қолдамайды.
Осылардың ешқайсысы болмаса, онда басқа картаны тіркеп көріңіз немесе техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Самокатты таппай жатырмын – ол картада бар, ал орнында жоқ.
Бұл GPS-сигналдың дәл еместігінен – айналаңызда биік ғимараттар болса, ол жаңылысуы мүмкін. GPS-сигнал олардан шағылысып, самокаттың орнын қате көрсетуі мүмкін. Айналаңызды байқап көріңіз, ең дұрысы, көшенің қарама-қарсы жағында орналасқан.
Маған кепіл қайтарылмады. Не істеу керек?
Егер сапар аяқталған кезде сіздің картаңызда жалдау ақысын төлеуге жеткілікті ақша болса, онда депозит бірден картаға қайтарылады
Егер сапар аяқталған кезде сіздің картаңызда жалдау ақысын төлеуге ақша жеткіліксіз болса, біз оның құнын депозиттен шығарамыз. Айырмашылық сіздің банкіңіз осы операцияны өңдегеннен кейін картаға қайтарылады. Ақшаны қайтару бірнеше күнді алуы мүмкін, қайтарудың нақты мерзімін тек банктің техникалық қолдауы ғана айтады.
Телефонды ұстағыштан қалай алуға болады?
Біз телефон ұстағышын нашар жолдармен жүрген немесе құлаған кезде сіздің телефоныңыз құлап кетпейтіндей етіп берік және көлемді етіп жасадық. Ұстағыш сіздің телефоныңыз үшін сымсыз зарядтағышпен жабдықталған.
Сапар алдында — телефон ұстағышқа еркін кіріп, оған мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Еркін — бұл телефонды ұстағышқа оңай қоюға және одан алуға болатынын білдіреді.
Егер телефонды ұстағышқа бекіту мүмкін болмаса, мұны орындауға тырыспаңыз — телефонды алу қиын болады, қорғаныс әйнегі немесе тысқап зақымдалуы мүмкін.
Егер телефонды ұстағышқа бекітіп, оны ала алмасаңыз, ұстағыштың бекітпесін екі саусағыңызбен жоғары қарай тартыңыз және телефонды бекіту бағытына қарай шығарыңыз. Егер осыдан кейін телефонды алу мүмкін болмаса, қосымшадағы техникалық қолдау чатына жазыңыз.